Имсак уақытында күннің биіктігі (горизонт астындағы биіктік бұрышы).


Түркия күнтізбесінің даярлаған, интернетте де жарияланып жүрген уақыттарда және кестелерде тәмкин уақыты мен намаз уақыттарына тән болған күннің шариғи горизонттан биіктік мөлшері, яғни горизонттан биіктік бұрыштары мүлдем өзгертілмей, намаз және ораза уақыттары дұрыс күйде білдірілген. Төрт мазһабта да имсак уақыты «шариғи түннің» соңында басталады. Яғни «фәжри садық» деп аталатын ағарудың шығыстағы сыртқы горизонт сызығының бір нүктесінде көрінуімен басталады. Ораза да осы уақытта басталады. Яғни күн сыртқы горизонт сызығына 19 градус жақындағанда басталады.  

Ислам астрономиясының ғалымы Ахмед Зия бек «Руб-и даира» атты кітабында былай дейді: «Еуропалықтар фәжри садықтың бастамасы ретінде горизонт бетіндегі ағарудың (таңғы шапақ) толығымен жайылған уақытын есептеуде. Сондықтан фәжр есептерінде күннің биіктігін -18 градус деп алуда. Ал біз горизонт бетіндегі ағарудың алғаш көрінген уақытын есептеудеміз. Сондықтан күннің биіктігі -19 градусқа көтерілген уақытын табамыз. Өйткені ислам ғалымдары имсак уақытын таңғы ағарудың горизонт бетіне тараған уақытын емес, таңғы АҒАРУДЫҢ ГОРИЗОНТ БЕТІНДЕ АЛҒАШ КӨРІНГЕН УАҚЫТЫ екендігін білдірген.»

Яғни Ислам ғалымдары ғасырлардан бері фәжр (имсак) уақытында  күннің үстіңгі шетінің биіктігі горизонттың астында -19 градус болатынын және басқа сандардың дұрыс еместігін білдірген. Фәтуа осылай берілген. Мүжтаһид емес адамдардың бұл фәтуаны өзгертуге ақылары жоқ. Фәтуаға сай болмаған ғибадаттар сахих болмайды. Мұсылмандардың дін істерінде христиандарға және мазһабсыз дүмшелерге емес, ислам ғалымдарына мойынсұнуы керек.

1958 жылы Діни істер басқармасының бір газет журналистіне берген жауабында былай делінеді: «... Имсак (ауыз бекіту) уақытына келер болсақ, мақалаңызда “Ағылшындар да, американдықтар да, француздар да бұл уақытты күннің горизонттың астына 18 градус қалған кезі деп қабылдаған” деп жазыпсыз. Христиан болған бұл үш елдің имсак (ауыз бекіту) уақытының кіргенін бұлай нақты ережемен орнататындай ол уақытта орындайтын қандай ғибадаттары бар екен?.. Олар бұлай қабылдаған күнде де Ислам астрономдары тарапынан имсак уақыты исламның қағидалары бойынша белгіленіп қойылған. Таң атып, ауыз бекітетін имсак уақытының басталуы жайлы ислам шариғатының өзіндік ережелері тұрғанда мұсылман еместердің сөздеріне мұншалықты еруге сізді не мәжбүрлеуде? Имсак уақыты шығыс горизонтта таңғы шапақтың - ағарудың бір нүкте халінде көрінетін уақыты. Ерте замандардан бері келе жатқан бүкіл ислам астрономдары бұл мезетті күннің 19 градус горизонттың астында болған уақыты деп қабылдаған. Демек ислам астрономдарының имсак уақыты үшін қабыл еткен дәрежелері 18 емес, 19 градус. Намаз уақыттары осы градус бойынша есептелуі керек және күнтізбелеріміздегі есептер де осы градус бойынша белгіленген.» деп білдіргеннен кейін «Имсак уақытының формуласын жіберіп отырмыз. Осы формула бойынша есептеңіз немесе есептетіңіз. Нәтижеде күнтізбеде жазылған уақыттың дұрыс екендігі және босқа жұртшылықтың басын айналдырып, адастырып жатқандары мәлім болады» дегеннен кейін мысал ретінде имсак уақытының есебін логарифмдік және тригонометриялық формулалармен келтіріп, одан тәмкин мөлшерін алып тастағаннан кейінгі шыққан имсак уақытын тауып, әлгі журналистке жіберген. Түркия күнтізбесінде және интернеттегі сайттарымызда жарияланып жүрген имсак уақыттары, дәл осында білдірілгеніндей күннің горизонт астында 19 градустық биіктігі негізге алынып және одан тәмкин мөлшері алынып есептелуде.  

Тәмкинсіз есептелген және күннің горизонт астындағы биіктігі (-18) градус деп есептелген имсак уақыттары қате.

Күннің горизонт астындағы биіктігін (-18) деп алып шариғи ережелерге бағынбай және тәмкин уақытын да мүлдем есепке алмай есептелген кестелерде имсак уақытында шамамен (Түркия сияқты координаталары 36-42 градус ендік арасындағы елдерде) 15-20 минутқа дейін баратын айырмашылықтар шығуда. Сондықтан алданған мұсылмандар шынайы ауыз бекіту уақытынан (имсактан) 15-20 минут өткен соң ауыз бекітіп, оразаны бастауда және тұтқан оразалары фасид болуда. Бұл оразалардың қазасын өтеу керек.